Маңғыстауда Түпқараған ауданы аумағында қырылған итбалық саны 300-ден асты. Олардың саны әлі де артуы мүмкін. "Сүтқоректілердің күз бен көктем мезгілінде жаппай қырылуы табиғи құбылыс"-дейді мамандар. Десе де әлеуметтік желіде балық шаруашылығы мамандарының "итбалықтар ауға түсіп өліп жатыр"деген бейнеүзік тарап кетті. Ауданның балықшылары оны жоққа шығарып отыр. Итбалық неден қырылды? Өңірдегі әріптесім Жадыра Шалабаеваның бейнематериалында.