Қоғам назарынан тыс болып келген Коммунистік партия өкілдері төбе көрсетті. Ат төбеліндей мүшесі бар партия 2011, 2012 жылдары оппозициялық қозғалыстарға қатысқаны үшін қызметтен шеттетілген еді. Партия жетекшісі Ғазиз Алдамжаров денсаулығына байланысты басшылықты уақытша өзге мүшелерге тапсырған. Басшылық тарапынан қысым көрдім, мені заңсыз мүшеліктен шығарып жатыр деп Алпамыс Бектұрғанов бүгін БАҚ өкілдерін жинады.