Адамзат баласы қадымнан қазірге дейін сан түрлі сын-қатерді бастан кешті. Талай зобалаң мен нәубетті көрді. Дегенмен, бұл жолғы қырғынның жөні басқа. Ол ядролық қару. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұсынған бейнеролик ендігі жерде сол тажалды ауыздықтауға, бейбітшілікті сақтауға үндейді. Ғаламға үндеу жасайды!